Қарт кісінің құпиясы читать онлайн

О книге

Автор:

Жанр:

Издано в 2022 году.

У нас нет данных о номере издания.

Аннотация

Бұл кітаптағы оқиға 1951 – 1954жылдары болған. Латвия түбіндегі соғыс кезіндегі қазақ солдатының басынан өткен оқиға.

Ғани Қаламгер - Қарт кісінің құпиясы


Ғани Әлихан

Болған оқиға желісімен

– Өмір бойы өкініп келемін, – деп əңгімесін бастады қырман басында жатқан қарт кісі. Сонау 1997жылы бидай басына барғандағы бейтаныс қарияның əңгімесі осылай басталды. Жас баламын, дəрет алуға құманға суын жылытып беремін, тамақ алдынан қолына су құямын, барынша сыйлап "Сіз отыра беріңіз, мен өзім шығып қарайлап келемін" деп алдына түсе бердім. Түспей қайтемін, жасы жетпіске таяп қалған қарт кісі күні бойы тұнжырап жүреді. Өз өзімен күбірлеп əңгімелесіп қойып, қабағы бір ашылмайды. Алып денелі ата кəдімгідей салмақты да зілді сөйлейді. Сөзі де өткір, көзі де өткір. Бір қарағанда сұсты көрінгенімен түс қайта тез тіл табысып кеттім. Ата енді ашылып сөйлей бастады. Ананы – мынаны айтып қалжыңдай бастады. Күн кешкіре əлгі атаның көзінен мұң кетіп, жүзіне күлкі үйіріле бастады.

Сонда ғана ашық əңгімеге көшіп:

– Балам мамандығың бар ма? – деп сұрады.

– Жоқ ата- дедім .

Онан əрі мазаламады. Заманның менің тұсымда қурап кеткенін айтып налыған болды. Бірақ осы алғау – далғау заман кетіп, жақсы өмір сүретінімізді айта келе:

– Сонда қай мамандық иесін таңдаушы едің, егер мүмкіндігің болса? – деп сұрады. Әрине, мен журналист болғым келетінін, бірақ оқуға түсе алмағанымды, ал мына кітапты үшінші қайтара оқып жатқанымды айтып қолымда жүрген "Бес ғасыр жырлайды" деген кітапты көрсеттім.

– Алаңдама балам, əлі жассың. Биыл болмаса келесі жыл түсерсің, талабың болса тауға шығасың, жетістіктерге жетесің, – деп бір қайырды.

Мен болсам енді маған оқудың керегі жоқтығын, себебі, үйленіп қойғанымды айттым. "Үйленіп қойғам" деген сөзіме жалт бұрылған қарт кісі:

– Балаң бар ма? – деп сұрады. Мен балам жоқ екенін, үйленгеніме əлі бір ай да бола қоймағанын айттым.

Əңгіме осылай өрбіді. Өрбігенде қандай сөз. Сөзге жалғасып атаның сөзін үнсіз отырып тыңдай бердім.

"Мен əскерге кеткенде 1951 жылдың көктемі еді. Ол кезде əскерде болу қазіргідей, белгіленген екі жыл емес, кемі үш жыл, тіпті бес жылдап жүріп қайтқандар болды. Мен сол кеткеннен мол кетіп, төрт жыл жүріп қайттым. Балтық жағалауындағы жаңа ашылған əскери бөлімшеде болдым. Бұл қазіргі Латвия республикасы" деп барып бір – ақ тоқтады. "Əскерге келуім сол екен, он шақты жігітті үш ай оқуға жіберді. Үш ай бойы оқытып машина жүргізетін шопырлар дайындады. Содан əскери бөлімшелерге бөлді. Мені осы Балтық теңізінің бойындағы жаңа бөлімшеге жіберді. Келген күннен ақ командирдің машинасына отырып шопыр болып шыға келдім. Содан не керек, командирім отыздан кеткен “хохол” жігіті болды.Тез тіл табысып кеттім. Қатты қол командирім болса да менімен өте жұмсақ сөйлесетін. Ол кездері командирлерге бөлімшеден продукт берілетін. Соны апарып беруге, бөлімшеге қарама – қарсы орналасқан көшенің арғы жағындағы екі қабатты үйдегі командирімнің үйіне апарып беретінмін. Бұл осылай жалғаса берді. Күніне продукты апарамын. Бертін келе тіпті бір күнде екі рет апаратын болдым. Сөйтіп жүріп командирдің келіншегімен достасып та үлгірдім. Бөлімшеден шығамын да үйіне қараймын. Көретінім сол командирімнің келіншегі болатын. Ол да мені сағына күтіп тұрғандай көрінетін. Көзқарасы да қатты өзгергені белгілі, о баста "солдат" деп мұрнын шүйіретін сары бас сылқым келіншек, енді маған "солдатик дейтін болды. Күліп қарсы алатынды шығарды. Тіпті үйге кір дейтінді шығарды.


С этой книгой читают